Қоғам

Алматы ауданында абаттандырылған екі аула ашылды

Елорданың Алматы ауданында К.Рысқұлбеков көшесіндегі 16/1 және 16/3 мекенжайларында жаңартылып, абаттандырылған аулалар салтанатты түрде ашылды. Жұмыстар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жөндеуден өткен аулалардың ашылуына тұрғындар, аудан әкімдігінің өкілдері мен мердігер ұйымдар қатысты.

Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Тасболаттың айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы әрбір тұрғынға өз көшесінің, ауласының, шағын ауданының дамуына нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы – бұл тұрғындардың абаттандыру бойынша өз идеяларын ұсынуға болатын жоба. Бұл – бюджет қаражатының бір бөлігін бөлуге азаматтардың тікелей қатысуына мүмкіндік беретін ашық әрі тиімді тетік», – деді ол.

Аулаларда ауқымды жұмыс атқарылды: шағын сәулет нысандары, балаларға арналған ойын алаңдары орнатылып, гүлзарлар мен ойын алаңдарындағы жабындар ауыстырылды, футбол және баскетбол алаңдары жөнделді, жаңа спорттық нысандар мен автотұрақ орындары, сондай-ақ орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды. Спорт инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлініп, ашық ауада жаттығуға арналған заманауи workout-аймақ салынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button