Ел тынысыСаясат

Алғаш рет дауыс берді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші курс студенті Саяна Бекбауленова референдумда алғаш рет дауыс берді. Биыл 18 жасқа толған студент өз азаматтық құқығын пайдаланып, ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Саяна Бекбауленова айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

– Бұл менің өмірімдегі алғашқы дауыс беру. Конституциядағы өзгерістер еліміздің болашағы үшін маңызды деп ойлаймын. Сондықтан өз дауысымды беруді дұрыс деп шештім, – дейді студент.

Жас сайлаушы алдағы уақытта да елдегі маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысатынын айтты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button