Ел тынысыСаясат

Алғаш келгенге — сыйлық

Астанада референдум өткізу үшін 501 сайлау учаскесі ашылды. Таңертеңнен бастап тұрғындар белсенділік танытып, алғашқы болып дауыс берген азаматтар мен алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқан тұрғындарға символикалық сыйлықтар табысталуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанадағы сайлау учаскелерінде тұрғындар үшін жағымды тосынсыйлар дайындалған. Естелік сыйлықтар алғашқы болып дауыс берген азаматтарға, сондай-ақ кәмелет жасына енді ғана толып, алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқан жастарға берілуде.

Мұндай бастама тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын қолдауға және маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуын ынталандыруға бағытталған.

Жалпы елордадағы сайлау учаскелерінде шамамен 4 500 сыйлық дайындалған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button