Алдағы үш күнде Астана ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде, яғни 30 және 31 шілдеде және 1 тамызда Алматы мен Астанада жаңбыр жауады. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Астанада 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде: +14…+16°C, күндіз: +22…+24°C.
31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +22…+24°C., күндіз: +20…+22°C.
1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады. Соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +13…+15°C, күндіз: +20…+22°C.
Алматыда 30 шілдеде аспан бұлтты болады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19…+21°C, күндіз: +30…+32°C.
31 шілдеде аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +29…+31°C.
1 тамызда аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +20…+22°C, күндіз: +31…+33°C.
Шымкентте 30 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +18…+20°C, күндіз: +34…+36°C.
31 шілдеде аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +19…+21°C, күндіз: +33…+35°C.
1 тамызда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +19…+21°C, күндіз: +33…+35°C.