
Ата заңымыздың жобасы 1995 жылдан бері 6 рет үлкен форматта өзгертілді. Тәуелсіздігін 1991 жылдың желтоқсанында алған жас ел үшін бұл заңды құбылыс.
1995 жылғы Ата заң өз тарихи міндетін толық орындады. Қазіргі Ата заң жобасы — адамның бостандығы мен құқықтарын, әлеуметі мен міндеттерін айқындаған бірден бір құжат.
Қазіргі Ата заң жобасы — өткенімізді бекітіп, алдағы межелерді нақты көрсеткен құжат. Мен 15 наурызда сайлау учаскесіне барып, дауысымды жаңа Ата заң нұсқасына беремін. Ағайын, сол жерде жолығайық!
Кендебай АДАМБЕК,
Астана қалалық мәслихатының депутаты



