Құқық

Алаяқтыққа тосқауыл қоятын заңнамалық өзгерістер

Алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою үшін заңнамалық өзгерістер қабылдануда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, алаяқтық қарыздарды беру тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

«Қолданыстағы заңнамаға бірқатар нормалар енгізілді. Оның негізгілері: өз еркімен несие алудан бас тарту; биометриялық сәйкестендірусіз онлайн-несие беруге банктерге тыйым салу; жұбайының (зайыбының) келісімінсіз несие беруге тыйым салу; 150 АЕК-тен жоғары сомаға онлайн-несие беру мерзімі бір тәулікке дейін ұзартылды; ақпаратқа заңсыз қол жеткізу анықталған кезде банктер тарапынан ден қою шаралары», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, бірінші несие тек банк бөлімшелерінде ғана рәсімделетін болады.
«Байланыс туралы» заңға енгізілетін өзгерістер аясында азаматтардың абоненттік нөмірлерді рәсімдеуі тек биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады.

«Алаяқтықтарды жасауға жол беретін GSM-шлюздерді елімізге әкелуге, тіркеуге, өткізуге және қолдануға шектеулер қойылады», – деді Жандос Сүйінбай.

ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобы шеңберінде «дроптардың» жауапкершілігін енгізу пысықталды. Заң жобасы Мемлекет басшысымен қол қою үшін Президент Әкімшілігіне жолданды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button