Елорда тынысыҚұқық

Алаяқтар алдап кетпесін

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң және тәртіп» жобасы аясында №42 «Бәйшешек» балабақшасында іс-шара ұйымдастырды. Департамент қызметкерлері «Бәйшешек» балабақшасының ата-аналарымен кездесіп, «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында әңгіме өрбітті.

Іс-шараның мақсаты – халықтың қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқықтық сауаттылығын көтеру болатын. Кездесу барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Жалғасова қаржылық қауіпсіздік – әрбір азаматтың өміріндегі маңызды аспектілердің бірі екеніне тоқталды.

Ол: — Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру аясында халыққа арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғасып келеді. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және алаяқтық схемалардың көбеюі алаңдатып отыр. Осы мәселелердің алдын алу үшін жұмыстанудамыз, — деді.

Іс-шара соңында мамандар елордалықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге және күмәнді әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына жедел түрде хабарлауға шақырды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

фото: Сұлтан Сейіт

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button