Ел тынысы

Аланияда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті

Абай атындағы саябақта ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға қазақстандық және түрік мәдени қауымдастықтары мен жергілікті билік өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Салтанатты іс-шараны Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы Алания қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Аланиядағы Құрметті консулы Ахмет Джебеджидің қолдауымен ұйымдастырды. Құрметті қонақтар қатарында Алания әкімі Осман Тарык Өзчелик және жергілікті билік органдарының басқа да өкілдері болды.

Іс-шара саябақтағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл рәсім қазақ мәдениеті мен әлемдік әдебиетке ақынның қосқан зор үлесін құрметтеу мен танудың символына айналды.

Қазақстанның Анталиядағы Бас консулы Қуат Канафеев өз құттықтау сөзінде қонақжай түрік жерінде қазақ тілі естіліп, салт-дәстүрлер сақталып, тарих жалғасып келе жатқан отандастарымыздың еңбегін, солармен бірге Абай уағыздаған құндылықтармен байланысы сақталғанын атап өтті.

Бағдарлама аясында Абайдың түрік тіліне аударылған өлеңдері мен әндері орындалып, жергілікті көрерменді қазақ мәдениеті мен философиясының рухын сезінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторина өткізілді, оған ересектер де, балалар да қатысып, ұлы ақын мен оның мұрасы туралы терең білімдерін көрсетті.

Бұл атаулы күн Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуда, сондай-ақ Абай мұрасын түрік жұртшылығы арасында кеңінен насихаттауда маңызды қадам болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button