Қоғам

Әскерилер әлеуетін көрсетті

Елордада аумақтық қорғаныс бригадасының әскери жиындары өтті. Аумақтық іс-шараның барысымен Астана қаласы мәслихатының депутаттары, өкілетті орган өкілдері танысты.

– Жиынға 90 әскери міндетті – 17 офицер, 15 сержант және 58 сарбаз қатысты. Бақылау сапары аясында Астана қаласы мәслихатының депутаттары жиындардың барысымен танысып, қатысушылармен әңгімелесіп, дайындықтың үйлесімді ұйым­дастырылғанына көз жеткізді. Аумақ­тық қорғаныс әскерлері 2017 жылғы 13 маусымда құрылған. Негізгі міндеті – халықты, инфрақұрылым нысандарын және коммуникацияларды қарсылас әрекеттерінен, диверсиялардан немесе терроризм актілерінен қорғау. Құрылған кезден бастап тек Астанада ғана 1,2 мыңнан астам әскери міндетті дайын­дықтан өтті, – деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат                          Зейнұлқабден.

Әскери жиын барысында әскери міндеттілер бірқатар жаттығуларды пысықтайды. Олар диверсия­лық-барлау топтарын тосқауылдар, жасырын бекеттер және ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану арқылы тойтаруды үйренеді. Сонымен қатар стратегиялық маңызды нысандарды – көпірлерді, станцияларды, жанар-жағармай қоймаларын күзету және қорғауды жүзеге асырады. Шартты қарсылас тарапынан қауіп төнген жағдайда елді мекендерді оқшаулау және тазалау шаралары жүргізіледі. Қала әкімдігі мен азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп бейбіт тұрғындарды эвакуациялау және қорғау іс-қимылдары ұйымдастырылады. Әскери міндеттілер ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаппай қолданылуына қарсы әрекет етуді, сондай-ақ аумақты бақылау, құжаттар мен көлікті тексеру және полиция­мен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді пысықтайды.

Депутаттар жиын барысында әскери міндеттілердің киім-кешекпен, азық-түлікпен, медициналық қызметпен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Олардың жұмыс орындары мен еңбекақысы сақталады, ал жұмыссыздарға жергілікті бюджет есебінен ең төменгі жалақы төленеді. Мұның барлығы жиынға қатысушылардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button