Қоғам

Әскери қызметшілер үшін Е-Gov цифрлық порталының аналогы жасалды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев түсіндіргендей, әскери қызметшінің бірыңғай жеке кабинеті құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Мақсат – egov.kz порталы сияқты заманауи, ыңғайлы және ашық жүйе құру, онда әскери қызметші қызмет еткен мерзімін, қашан демалыс алатынын, келесі атақ қашан берілетінін, рапорттар мен бұйрықтарды көреді, сондай-ақ әртүрлі қызметтерді алады. Мұның бәрін әскери е-Gov-қа аударамыз», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тағы бір цифрлық жоба «Jauynger.gov.kz» – бұл келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау порталы. Қарулы Күштерге «кіру» оңай болуы үшін 10-нан астам ақпараттық жүйемен интеграция жүргізілді. Жоба келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мерзімін 6 айдан 1 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button