Ел тынысы

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Астанада 14-15 тамыз аралығында алғаш рет Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл кеңес – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чемпионатты ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы және ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Шамамен 40-қа жуық елдің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр. Бұл ұлттық спорт түрінің халықаралық аренада кеңінен танылып келе жатқанын көрсетеді. Чемпионат қазақ күресінің әлемдік спорт картасында дамуы мен насихатталуында маңызды қадам болмақ.

Өтетін орны: «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешені. Тұран даңғылы, 59.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button