Ел тынысы

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

14–15 тамыз аралығында Астанада алғаш рет Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чемпионатты ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті–Армия орталық спорт клубы және ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Шамамен 40-қа жуық елдің өкілдері қатысады деп күтілуде. Бұл ұлттық спорт түрінің халықаралық аренада кеңінен танылып келе жатқанын көрсетеді. Чемпионат қазақ күресінің әлемдік спорт картасында дамуы мен ілгерілеуіндегі маңызды қадам болмақ.

Өтетін орны: Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені
Тұран даңғылы, 59.

Кіру тегін

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button