Қала мен сала

Әскери қызметпен танысты

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері Ұлттық ұлан авиабазасымен танысты. Экскурсия барысында 50-ден астам бала авиация әлеміне саяхат жасап, елді биіктен қорғайтын әскери қызметшілердің өмірімен танысып, аңызға айналған ұшақтар мен тік­ұшақтарды көрді. Сондай-ақ қызметтері жайлы шынайы әрі мақтанышпен баяндаған ұшқыштармен тілдесті.

«Біз балаларымызға Отанға деген сүйіспеншілік – жай сөз емес екенін көрсеткіміз келді. Ұлттық ұланның авиаторлары – ерлік пен тәртіптің, іске адалдықтың жарқын үлгісі» деді қозғалыстың астаналық филиалының төрағасы Айдархан Маханбет.

Әсіресе оқушылардың ерекше қызығушылығын қуатты Ү-8 әскери-көлік ұшағы тудырды. Олар ұшқыш кабинасын көріп, құрал-жабдықтарды қолдарымен ұстап көрді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button