Қоғам

«Әскери керней» әуендері

Елордада еліміздің күштік құрылымдарының үздік шығармашылық ұжымдарының басын қосқан «Әскери керней» ХІ әскери-музыкалық фестивалі өтті. Іс-шара дәстүрлі түрде Астана күніне орай ұйымдастырылды.

«Әскери керней» фестивалі әс­кери-музыкалық өнерді дамытуға, күштік құрылымдар мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған.

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше өнер тарту еткендер қатарында Президенттік оркестр, Мемлекеттік күзет қызметінің оркестрі, ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрі мен ансамблі, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің орталық ансамблі болды.

Концерттер қаланың бірнеше саябағында – «Ғашықтар», «Жер­ұйық» және «Жетісу» алаңдарында ашық аспан астында өтті. Әскери-­музыкалық шараның шарықтау шегі – Қазақ елі алаңында өткен салтанатты гала-концерт. Онда әскери оркестрлер мен ансамбльдердің ең үздік қойылымдары көрермен назарына ұсынылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button