Әр зат – жәшікке, көмек – жүрекке!

Астана қаласы Алматы ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған, «Аружан» сауда орталығындағы «Мейірімділік жәшігі» акциясы тұрғындар тарапынан жақсы қолдау тапты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Акция басталғалы бірнеше ай ішінде 27 рет толықтай жиналған заттар қабылданды. Тұрғындар тапсырған барлық заттар өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек ретінде Астана қаласының Әлеуметтік қорғау басқармасына жолданып, одан әрі «Демеу» ресоциализация орталығына беріледі.
Осы көрсеткіштердің артында жүздеген адал істер, жылы жүректер мен алғысқа толы көзқарастар бар. Бұл акцияға қатысу арқылы тұрғындар зат қана емес, жылулық пен қамқорлығын да бөлісіп, көптің жақсылыққа сенімін арттыруда.
Алматы ауданы әкімдігі акцияға қатысқан әрбір жанға шын жүректен алғыс айтуда. “Мейірімділік жәшігі» жұмысын одан әрі жалғастыруда.