Мәдениет

«Әншуақтың» ән шашуы

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Әншуақ» балалар әндерінің республикалық фес­тивалі елордада гала-концертпен қорытындыланды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Ол бұл күндері жауапты мемлекеттік органдар балалардың әл-ауқатын арттыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды, жобалар мен бастамаларды кеңінен таныстыруда екенін атап өтті.

«Біздің мемлекетіміз әр баланың денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау, білімі мен дарынын қолдау мақсатында ауқымды шаралар қабылдауда. Бұл фестиваль – тек өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойында ана тілімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырудың жарқын үлгісі. Мұндай жобалар бала игілігі – мемлекет саясатының басым бағыты екенінің тағы бір дәлелі» деді Ғани Бейсембаев.

Фестиваль аясында 1 қыркүйектен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ән шырқады. Әлеуметтік желілерде «Әншуақ», «Әншуақ 2025» хештегтерімен 22 мыңнан астам жанды дауыста балалар әні жарияланды. Жалпы қаралым саны 18 миллионнан асты. Осылайша көпшілік тыңдармандар мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде іріктелген 13 үздік ән гала-концерт сахнасында шырқалды. Жеңімпаздарға гран-при, диплом және арнайы марапат табысталды. «Open Air» форматындағы концерттер бұл күндері еліміз бойынша тұрғын үй аулаларында, саябақтарда, алаңдарда өтуде.

Хадиша ПЕРДЕБАЙ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button