Мәдениет

«Ән әлемі тәлімгері»

Елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың «Ән әлемі тәлімгері» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алтынбек Қоразбаев – қазақ музыка өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі. Оның шығармалары заманауи қазақ өнерінің ажырамас бөлігіне айналып, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрге құрмет пен қоғамның рухани құндылықтарын айқын көрсетеді.

Кеш бағдарламасында композитордың қазақ музыкалық мәдениетінде ерекше орын алған туындылары орындалды. Олардың қатарында «Туған жер», «Шашбаулым», «Көзіңнен айналайын», «Ауылым», «Елге сәлем», «Сағындым Алматымды» және басқа да кеңінен танылған шығармалар бар.

Көрерменге «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі сүйемелдеуімен орындалған әндер ұсынылды. Сондай-ақ кеште «Gulder» және «Бірлік» ансамбльдері өнер көрсетті.

Сахнаға Алтынбек Қоразбаевтың шығармашылығын құрметтейтін шәкірттері мен өнерпаздар ән айтып, кештің сәнін келтірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button