Ел тынысы

ӘМСҚ Қаржы министрлігінің басқаруына беріледі

Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берді.

Талдау қорытындысы бойынша қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) Қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады. Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдауға көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заңбұзушылықты анықтады:

жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-і жуық жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі);

азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету;

МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру;

қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету;

қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету;

балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және т. б.

Қаржы министрі Мәди Такиев нақты сандар мен мысалдар келтірді:

Жекеменшік клиника бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);

Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).

996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған, (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).

1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына)  скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).

Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);

Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button