ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізілуде

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру мақсатында өңірлік комиссия белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Арнайы комиссия базарлар мен дүкендерге жүйелі мониторинг жасап, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуде.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда ӘМАТ-тың кеңейтілген тізбесі енгізілді. Бұған дейін тізбе 19 атаудан тұрса, қазіргі уақытта ол 31 атауға дейін кеңейтілді.
Сауда үстемесін 15%-дан асырмау талап етіліп, делдаларды жою және негізсіз баға өсімінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр.
ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру бойынша комиссияның жұмысы оң нәтиже беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде. Бұл бағыттағы елеулі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады. Астана тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты назарда.



