Ел тынысы

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Сауда және қызметтер» салалық кеңесінің отырысы өтті. Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлер мен сала сарапшылары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Отырыс барысында көтерілген басты тақырыптардың бірі – заңсыз әкелінген өнімдердің, соның ішінде таңбаланбаған тауарлар мен мемлекеттік тілде аудармасы жоқ ойыншықтардың заңсыз сауда айналымы. Бұл мәселе бойынша Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева түсініктеме беріп, сапасыз өнімдер айналымына қатысты анықталған бұзушылықтар туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Ол алдын алу шараларын күшейту және кәсіпкерлер мен уәкілетті органдардың өзара тығыз әрекеттесуінің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары қаралды. Бұл тақырып бойынша Астана қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бас маманы Дильназ Таушинова баяндама жасап, негізгі ережелерге тоқталып өтті. Ол әсіресе жазғы мезгілдегі балалардың белсенділігі артатын уақытта қауіпсіздік стандарттарын сақтау маңыздылығына назар аударды.

Отырыс барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау алу, гранттық бағдарламалар, инновацияларды енгізу және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері де қаралды. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік кәсіпкерлік» комитетінің төрағасы Елена Куликова қолдау тетіктерінің шолуын ұсынып, авторлық құқықтар мен инновациялық шешімдерді қорғауға қатысты практикалық ұсынымдар берді.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар өзекті мәселелерді бірлесе талқылап, 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған «Сауда және қызметтер» салалық кеңесінің жұмыс жоспарына енгізілетін ұсыныстарды атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button