Қоғам

Әлеумет сауалы – басқарма жауабы

Елорда тұрғындарының әлеуметтік салаға қатысты білгісі келетін сауалдарына Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья СКУБ жауап береді.

– Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін қайда жүгінуге болады?

– Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек алу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хабарласу қажет немесе www.egov.kz веб-порталы арқылы «Электрондық өтініш» бөлімінде құжаттарды электронды түрде тапсыру қажет.

– Мүмкіндігі шектеулі адам­дар жұмыспен қамтудың қандай шараларына қатыса алады?

– Мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасу үшін Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек ұтқыр­лығы орталығы» мемлекеттік мекемесіне (Бейбітшілік көшесі, 9) өтініш бере алады (жұмыс уақыты 8:30-дан 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі), анықтама телефондары: 09-20, 09-21. Азаматтарды жұмыспен қамтудың мынадай шаралары қамтамасыз етіледі: тұрақты жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу (қоғамдық еңбек, жастар тәжірибесі, әлеуметтік жұмыс орындары, алғашқы жұмыс орны, ұрпақ келісімшарты, күміс жас, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант және жастарға шағын несие беру). Бұл ретте бос жұмыс орындары туралы ақпаратты www.enbek.kz
интернет-порталында қарау­ға, жеке кабинет құруға және қашықтан белсенді түрде жұмыс іздеуге болады.

– Табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен болсам, қанша уақытқа дейін шағым беруім керек және оны қалай жасаймын?

– Басқарма әлеуметтік көмекті Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы №84/10-VIII шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының негізінде жүзеге асырады. Қағидалардың 34-тармағына сәйкес, әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан әкімшілікке мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) зілзаланың немесе өрттің фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттар;

3) жоғалған немесе бүлінген тұрғын үйге өтініш берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар;

4) отбасы мүшесiнiң қайтыс болу фактiсiн және онымен туыс­тық қатынасын растайтын құжаттар.

Қағидалардың 36-тармағына сәйкес, әкімші табиғи апат немесе өрт болған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей келіп түскен әлеуметтік көмекке өтініштерді қарайды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button