Ел тынысы

Әлемнің үздік парадзюдошылары елордада күш сынасады

13-15 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионатын өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әр төрт жыл сайын өтетін басты додада 40 елден 350-ден астам спортшы жүлдеге таласпақ. Биылғы жаһандық бәсекеге 15-тен астам паралимпиада чемпионы мен әлемдік жұлдыздар арнайы қатысады.

Қазақстан құрамасы толықтай мықты спортшылармен жасақталған. Еліміздің намысын Астана қаласының спортшылары – Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов және Бауыржан Арыстанбеков қорғайтын болады.

Парадзюдодан әлем чемпионаты 13-15 мамыр аралығында өтеді. Күн сайын сағат 10:00-13:00 аралығында іріктеу белдесулері, ал 15:30-17:00 аралығында финалдық белдесулер өтеді.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де, Қабанбай батыр даңғылы, 43 мекенжайында орналасқан Жекпе-жек сарайында өтпек. Көрермендер үшін кіру тегін.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button