Шаһар шежіресі

Әйелдер форумы – Ақмолада

1995 жылы 9 мамырда қаламыздағы Жасөспірімдер сарайында республика әйел­дерінің ІV съезі өтті. Жиынға 18 облыстан 90 делегат әйел-ана келді. Олармен бірге қаламыздағы әлеуметтік, қоғамдық өмірімізге белсене араласып, өздерінің іскерлік саясатымен ерекше көзге көрініп жүрген көптеген қыз-келіншек қатысты.

Атап айтсақ, Жұмагүл Саухатова, Клара Әмірқызы, Африза Құсайынқызы, Жұмабике Егінбаева, Роза Асылбекова, Светлана Жалмағанбетова, т. б. Съезді өзінің құттықтау сөзімен А.Браун ашып, әрі қарай республика әйелдерінің төрайымы Нина Қайыпова есепті баяндама жасады. Бұл форумда көптен бері көңілде көлеңке болып жүрген көкейтесті мәселелер жайлы сыр шертіп, әр облыстан келген делегаттар өз ойын ортаға салды. Әсіресе мектеп оқушыларының мүшкіл хал-ахуалы баса айтылды. Бұрын бір мезгіл тегін тамақ берілсе, сол тұстағы нарық қыспағынан қысым көріп, оқушылардың қиналып жүргеніне алаңдаулы екенін білдірді. Одан бөлек, оқу құралдарының қымбаттап кетуіне байланысты пікірлер қозғалды. Съезд осындай нарықтың салдарын жою­ды күн тәртібіне қойып, кезек күттірмейтін мәселе ретінде шешу жолдарын ұсынды.

Ғазиза ИСАХАН

 Суретте:

Нина Қайыпова, Бибігүл Төлегенова, Светлана Жалмағанбетова, Жұмагүл Саухатова съезге қатысушылармен бірге.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button