Мәдениет

Әдебиеттің биылғы «Айбоздары»

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрі­нің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қатысты.

Дәстүрлі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына 7 номинация бойынша 180-ге жуық өтінім келіп түскен. Соның ішінде әділқазылардың көңілінен шығып, топ жарғандары: «Үздік поэзия» – Хамит Есаманның «Айша бибі» поэмасына, «Үздік проза» – Дәурен Қуаттың «Бруклин көпіріндегі кездесу» туындысына, «Үздік драматургия» – Әділбек Ыбырайым­ұлының «Кенесары хан» еңбегіне, «Үздік әдеби аударма» – Әсем Ережеқызының «Күн қармаған бала» аудармасына, «Үздік балалар әдебиеті» – Қанат Әбілқайырдың «Алтын бала» шығармасына, «Үздік әдеби сын» – Амангелді Кеңшілікұлының «Мұқағали мен Енхе. Ақын мен адамның драмасы» зерттеу мақаласына, ал «Үздік комикс» жанры бойынша Ильдар Сансыз­байұлының «Табу. Жоғалған үміттің ізі» атты туындысына берілді. Марапаттау рәсімінде сөйлеген Аида Балаева «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы қазақ әдебиетіндегі жаңа есімдерді танытуға, шығармашылық еркіндікті қолдауға және сөз өнерінің қоғамдық маңызын арттыруға бағытталған маңызды жоба екенін атап өтті.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button