Білім
«Адал азамат» елдегі барлық мектептерде енгізілді

Еліміздегі 11 мыңнан аса балабақша, 8 мыңнан астам мектеп және 700-ден аса колледж «Адал азамат» бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов хабарлады. Сонымен қатар, ата-аналар комитеттерінің қызметі трансформациялануда. Енді ата-аналар комитеттері мектептің, ұстаздардың сенімді серіктесі ретінде тәрбие жұмысына белсенді араласып, ұрпақ тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті бөлісетін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы одан әрі жандандырылып, мектеп – бала – ата-ана үштігінің ынтымағын нығайтуға ерекше назар аударылады», — деді Ерлан Қалмақов баспасөз конференциясы барысында.
Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдардың оқушылардың тәрбиесіне қатысты бастамалары бағдарламаға енгізілді. 14 орталық мемлекеттік органмен бірлескен жоспар әзірленді.