Абаттанған нысандар тексерілді

Мәслихаттың бір топ депутаты елорда аудандарына абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына биылға бөлінген қаржылардың тиімді де толық игерілуін тексеру үшін Сарайшық ауданының бірнеше нысандарын аралады.
Бірінші нысан – «Хайвилл» тұрғын үй кешенін айнала абаттандыру жұмыстары тексерілді. Бұл – жанында «Хазірет Сұлтан» мешіті, Бейбітшілік және Келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Ұлттық музей орналасқан, шетел азаматтары, басқа да ішкі туризмге қатысушылар келетін аудан.
– Мұнда негізгі жұмыстар сапалы да көрнекті жасалған. 15 мыңдай тұрғын тұратын кешендегі халық ризашылығын білдіруде. №74 мектепке жақын «Жұмысшылар мамандықтары жылы» аллеясы тұрғындардың сүйікті орындарының біріне арналған. Жұмыстар толық біткен, – дейді Астана қалалық мәслихатының депутаты Кендебай Адамбек.
Тағы бір маңызды жұмыс – Шәмші Қалдаяқов көшесі, 23/2 мекенжайында орналасқан гүлзар, ол бір айда жасалған. Бұл жерде көпқабатты тұрғын үй кешенін белгілі құрылыс фирмасы салу керек болған. Алайда қала әкімдігі мен мәслихаттың қолдауымен көпсалалы гүлзар жасалуда. Жұмыстар 95 пайыз біткен, қоғамдық бақылау бар. Депутат нысанды бітіру үшін келесі нақтылау жиынында біршама қаржы бөлу жағын пысықтау қажеттігін айтады. Аудан басшылығы өз ұсыныстарын да жеткізді. Алдағы комиссия отырысында олар қаралып, мәселені шешу жолдары енгізіледі.



