Абаттандыру жұмысы жалғасады

Астана қаласы мәслихатының депутаттары «АстанаГенплан» ЖШС базасында қаланың қоғамдық кеңістіктерін дамыту мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Отырыс барысында Нұра және Есіл аудандарындағы аулаларды, саябақтарды және басқа да демалыс аймақтарын абаттандыру жоспарлары тыңдалды. Аудан әкімдіктері ұсынған жобалар тұрғындар үшін жайлы серуендеу аймақтарын құру, қауіпсіз балалар алаңдарын орнату, демалыс пен спортқа арналған қолайлы орындар қалыптастыру секілді маңызды бағыттарды айқындайды. Бастамалардың басым бөлігі қаржыландыруды қажет ететіндіктен, талқылау барысында жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру, жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдану мәселелері қаралды. Мұндай кешенді жоспарлау қаланың көркін жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.



