Ел тынысы
Абайдың 180 жылдығы Түркияда аталып өтті

Алания қаласындағы Абай атындағы саябақта ұлы ақын, философ және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы, Алания қаласы әкімдігі және Құрметті консул Ахмет Джебеджидің қолдауымен өткен мерекеге қазақстандық және түрік мәдени қауымдастықтары мен жергілікті билік өкілдері қатысты.
Шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, ақынның түрік тіліне аударылған өлеңдері мен әндері орындалды. Қонақтар викторинаға қатысып, ұлы ойшылдың өмірі мен мұрасы жайлы білімдерін ортаға салды.