Елордада жастар онкүндігі және Абай күні аясында әлеуметтік желі арқылы ұлы ақынның шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша “Абай жолымен” атты видео байқау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
⠀
Байқау шарттары өте оңай. Нақтырақ айтқанда, қатысушы Астана қаласының тұрғыны болуы,
14-34 (қоса алғанда) жас аралығында болуы керек. Сонымен қатар қатысушы @elorda_jastary парақшасына жазылып, осы парақшаны және #АбайЖолымен2024 және #ПоПутиАбая2024 хэштегтерін белгілеуі қажет. Видеода Абай Құнанбайұлының шығармасын мәнерлеп оқуы тиіс. Өтінімдер 3-7 тамыз аралығында қабылданады.
⠀
Басты сыйлық - IPhone 15
⠀
“Абай жолымен” байқауы басталды