Басты ақпарат

  • Сарыарқа – қазақтың алтын жотасы

    Батысы Торғай ойпатына тіреліп, шығысы Қара Ертіске еңкейіп барып тоқтайтын, түстігін Балқаштың көгілдір толқындары шайып жатса, терістігі көк Есілмен көмкерілген ұлан-ғайыр Сарыарқа сан ғасырдан бері қазақтың құтты қонысы болып келе жатыр. Тарихи деректерге жүгінсек, осынау далада ұлт тағдырына үлкен әсерін тигізген талай оқиға мен құбылыстың өткеніне куә боламыз. Сарыарқаны геогра­фиялық тұрғыдан «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп атайды. Оның ұзындығы батыстан шығысқа…

    Жалғасын оқу
  • “Гауһартастың” қаһарманы

    Ернар Мұхамбетті студент күнімнен білемін. Қазіргі К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне бір жылы түсіп, бір жылы бітірдік. Студент күніндегі бейнелері көз алдымда. Ал театрдағы кейіпкерлеріне келсек, ол – өз алдына ерекше әлем. Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ашылған күннен бастап қызмет етіп, сахнаға адалдағынан айнымайды. Әр рөліне ерекше қызығушылық пен дайындықпен келеді. Ал Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық…

    Жалғасын оқу
  • Жол жөндеу қарқыны жоғары

    Жаз шыққалы бері Астанада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осыған байланысты бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі. Жаз шыққалы бері Астанада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осыған байланысты бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі. алалық Көлік жә­не жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 25 шілдеге дейін Сығанақ көшесі бойынша – Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара…

    Жалғасын оқу
  • Бас қалада бала қайда қыдырады?

    Жаз келіп, каникул басталысымен, Астанаға ауылдардан ағылатын қонақтар көбейеді. Жалпы биыл елордаға 1,7 млн ішкі және сыртқы туристер келеді деп болжанса, соның аз бөлігі шетелдіктер, қалғанын өзіміздің азаматтар құрайды. Астана туризміне үлес қосатындардың бір бөлігі – әсем қаланы көруге құштар балалар. «Бәйтеректен» бастайды Астанаға келген қонақтардың бірінші баратыны – елорданың символы «Бәйтерек» монументі. Қаланы 97 метр биіктіктен көріп, зәулім ғимараттарды…

    Жалғасын оқу
  • Тіл тағдыры тыным таптырмайды

    Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «тематикасы», «­текс­тов­касы», «тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) – тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры – талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып. Тарихты терең талдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттерге таланды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті. Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы…

    Жалғасын оқу
  • Көпшілікті қызықтырған қымыз мерекесі

    Елорданың «Қазанат» атшабарында екі күн бойы «BaiQymyz – бапталған қымыз» ұлттық тағамдар гастрофестивалі өтті. Іс-шара ұлттық сусынның пайдасын паш етіп қана қоймай, қазақтың мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеген этнографиялық мерекеге айналды. Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, оның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге шығаруға бағытталды. Мұны болашақта Октоберфест сияқты халықаралық үлгідегі мәдени-­аграрлық брендке айналдыру көзделіп отыр. Қонақтар…

    Жалғасын оқу
  • Көшелер көркейіп, аулалар абаттандырылды

    Жаз – қызу жұмыс кезеңі. Астанада аулалар жаңарып, сая­бақтар мен скверлер көркеюде. Жол жөндеу жұмыстары да қарқын алды. Елорда тұрғындарының жайлылығы үшін барлық 6 ауданда осындай жұмыстар жүйелі, жоспарлы және үздіксіз түрде жүргізіліп келеді. Алматы ауданында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаң заманауи әрі жайлы қоғамдық кеңістікке айналуда. Қазір бұл маңда гранит пен жиектас төсеу, фонтанды жөндеу-қалпына келтіру, шағын сәулет…

    Жалғасын оқу
  • Қайраткердің қадірі кетті ме?

    Қазір бізде не көп, атақ көп. Атаққа құмартатын адамдардың саны да жеткілікті. Ал сол атақтар мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық болып бөлінеді. Солардың арасында, әрине, мемлекеттік марапаттардың бәсі бәрінен жоғары. Бірақ соны елеп, ескере қоймайтын біраз жұрт қай атаққа болсын ұмтылады. Адам салып алып жатқандар да баршылық. Содан кейде күлкі мен көпшіліктің наразылығын тудыратын жағдайлар орын алып жатады. Мұның екінші жағы…

    Жалғасын оқу
  • Әлеуметтік қолдау жайы қалай?

    Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының биылғы жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды. Тиісті баяндаманы аталмыш басқарманың басшысы Илья Скуб жасады. ның айтуынша, қала әкімдігі жыл сайын 200 мыңға жуық адамды тегін қызмет көрсету және ақшалай төлемдер секілді әлеуметтік қолдаумен жүйелі түрде қамтиды. Бұл көмек зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасыларға және аз қамтылған…

    Жалғасын оқу
  • Қала көркі – саябақ

    Елорданың ажарын ашып, сәнін келтіріп тұрған нысандардың бірі – саябақтар. Қала тұрғындары мен қонақтары демалыс уақытын саябақтарда өткізсе, сан алуан бұқаралық іс-шара да осында ұйымдастырылады. Сондықтан саябақтардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше талап қойылады. Астана қаласы мәслихатының депутаттар тобы қаладағы бірнеше саябақтың жұмысына мониторинг жүргізді. Бюджет қаражатын пайдала­нудың тиімділігін бақылау мақсатында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден бастаған депутаттар қоғамдық кеңістіктерге, саябақтар…

    Жалғасын оқу
Back to top button