Ел тынысы

«Абай өлеңдері әлем тілдерінде» халықаралық челленджі өтуде

Қазақстанда «Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.📍

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр.

Аталған жобаның мақсаты – Абай мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау және көпұлтты қауымдастық арасында қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру.

Челленджге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілер, жетекші шетелдік ұлттық кітапханалар мен балалар кітапханаларының басшылығы, этномәдени орталықтар өкілдері, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара барысында түрлі этнос өкілдері ақын шығармашылығына деген құрметін білдірді.

Челлендж аясында Абай Құнанбайұлының өлеңдері қазақ, орыс, поляк, неміс, беларусь, армян, моңғол және үнді тілдерінде оқылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button