Чемпионат көпсайысында Астана көркем гимнасттары жоғары нәтиже көрсетті

Астанада үш күнге созылған көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 өңірінен келген 80-нен астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған чемпионатта көпсайыс бойынша Астана қаласының көркем гимнастары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеке бағдарлама бойынша командалық есепте Астана қаласының құрамасы І орынды иеленді.
Команда құрамында:
* Ақмарал Ерекешева
* Айбота Ертайқызы
* Айым Мейржанова
* Дария Кушербаева
Жеке бағдарламадағы көпсайыс финалында:
* І орын — Ақмарал Ерекешева
* ІІІ орын — Айым Мейржанова
Ал топтық бағдарлама бойынша көпсайыс финалында №1 Ұлттық құрама командасы І орынға ие болды.
Команда құрамында:
* Жасмин Жүнісбаева
* Аида Хәкімжанова
* Кристина Чепульская
* Мадина Мырзабай
* Айзере Кеңес
* Айзере Нұрмағамбетова
Жеңімпаздарды дайындаған Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушылар құрамы:
Аға жаттықтырушы:
* Меруерт Төлегенқызы Балгинбаева
Жаттықтырушы:
* Оксана Ивановна Нечитайло
Хореографтар:
* Шыңғыс Әсетович Оспанбаев
* Саая Алексеевна Айдыс
* Карина Маратовна Аблакова
Айта кетейік, жарыс жеке және топтық жаттығулар бойынша өтті. Гимнастар шығыршық, доп, таспа және шоқпармен өнер көрсетсе, топтық жаттығуларда бірнеше композициялық бағдарлама ұсынылды.



