Елорда тынысы

«Көктем-2026» оқу-жаттығуы басталды

Астанада «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара көктемгі су тасқыны кезеңінде әрекет етуге басқару органдары мен қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу аясында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, iKomek 109 жүйесі арқылы халықты және мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар ету жүзеге асырылды.

Сонымен қатар арық-канал жүйелерін, су өткізу құрылыстарын тазалау, қар шығару жұмыстарын қамтитын алдын алу іс-шаралары басталды. Бұдан бөлек, Астана қаласының жедел ден қою бөлімшелерінің көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button