Саясат

Ат спорты-сауықтыру кешенінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылады

«Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушыларға Конституциялық реформаның негізгі ережелерімен танысуға ғана емес, сондай-ақ өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары мен қағидаттарын түсіндіру мақсатында Астана қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі және «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Өмірзақов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында реформаның мақсаттарына жан-жақты тоқталып, оның елдің одан әрі дамуы, демократиялық институттарды нығайту, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту және жергілікті өзін-өзі басқару рөлін арттыру тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз пікірін Астана қаласының көркем гимнастика бойынша аға жаттықтырушысы Әсел Мустафина да білдірді. Ол конституциялық өзгерістердің әлеуметтік сала үшін, әсіресе спортты дамыту, жастарды қолдау және өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау тұрғысынан маңызын атап өтті. Оның айтуынша, тұрақты құқықтық негіз – білім беру мен дене шынықтыру саласындағы ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асырудың берік іргетасы.

Esbol Qory қорының сарапшысы Абылайхан Сапарбек реформалау үдерісіндегі азаматтық қоғамның рөліне ерекше тоқталды. Ол Конституция жобасының кең ауқымда қоғамдық талқылануы қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен айқындығына ұмтылысты көрсететінін, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысу мәдениетін қалыптастыратынын атап өтті.

Іс-шараға кешен басшылығы, жаттықтырушылар мен қызметкерлерді қоса алғанда шамамен 60 адам қатысты. Қатысушылар жоғары қызығушылық танытып, конституциялық жаңашылдықтардың іс жүзінде жүзеге асырылуы, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың күнделікті өміріне ықпалы жөнінде белсенді түрде сұрақтар қойды.

Кездесу тиімді әрі іскерлік жағдайда өтті. Талқылау соңында қатысушылар құқықтық сауаттылықты арттыруға және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағыттарын бірізді түсінуді қалыптастыруға бағытталған осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button