
Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубы мен елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты.
Іс-шарада көлемі 12×24 метр болатын ҚР мемлекеттік туы жайылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сонымен қатар азаматтық ынтымақтастық пен жаңару бағытында адалдықтың белгісі ретінде «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар байрақ ашылды. Акция қоғамдық диалогтың маңызын, стратегиялық өзгерістер төңірегінде азаматтардың топтасуын, сондай-ақ жауапкершілік пен бірлік сияқты құндылықтарды дамытудың өзектілігін көрсетті.
Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ынтымақты, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге деген айрықша құрмет көрсетті.



