Ел тынысыСаясат

Емханада Конституция жобасына арналған конференция өтті

Астана қаласының №4 емханасында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» тақырыбында мазмұнды конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға Amanat партиясы өкілдері мен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиын барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар назарына жаңа редакция жобасының негізгі бағыттары ұсынылып, реформалардың елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, демократиялық қағидаттарды нығайтуға және адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Іс-шараға Т. Базарова, Ж. Дандаева, А. Әділбекқызы қатысып, өз пікірлерін білдірді. Олар Конституциялық өзгерістердің қоғам дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа бастамалар азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетініне назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Мамандар конституциялық реформалардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру екенін жеткізді.

Айта кету керек, жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Бұл рбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасауына мүмкіндік беретін демократиялық қадам.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button