Қоғам

«Абайлаңыз, мұздақтар»: құтқарушылар қауіпсіздік ережесін ескертеді

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және ғимараттардың маңында аса мұқият болу қажет.

Қыс-көктем мезгілінде ғимараттардың шатырларында қар мен мұз жиналып, алып мұз сүңгілері пайда болады. Шатырлар мен карниздерден салбырап тұрған мұз «гирляндалары» адамдардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Қар мен мұздың тұрғын үйлердің, сауда орталықтарының, білім беру, денсаулық сақтау нысандарының және басқа да объектілердің шатырларынан құлауынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдардың бірінші басшыларымен, ОСИ, КСК төрағаларымен және МИО өкілдерімен профилактикалық жұмыс жүргізілуде.

Негізгі қауіпсіздік ережелері:

  1. Шатырынан қар құлауы мүмкін ғимараттарға жақындамаңыз және балалардың мұндай жерлердің маңында ойнауына жол бермеңіз.
  2. Балаларға қауіпті алдын ала түсіндіріңіз. Карниздер мен балкондардың астында ойнау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
  3. Қоршаулар мен ескерту белгілерінен өтпеңіз. Қауіпті аумақты басқа жолмен айналып өтіңіз.
  4. Тротуарда бұрын құлаған қардың іздері немесе мұз сынықтары көрінсе, бұл қайтадан қар құлауы мүмкін екенін білдіреді.
  5. Жоғарыдан күмәнді дыбыс естісеңіз, тоқтамаңыз және жоғары қарамаңыз. Ғимараттан қашуға болмайды — тез арада қабырғаға жабысып тұрыңыз: шатырдың күнқағары сізге қалқан болуы мүмкін.
  6. Егер қар немесе мұз құлауынан адам зардап шексе, дереу жедел жәрдем шақырыңыз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға көмектеседі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button