Ел тынысыСаясат

Astana Hub-та конституциялық реформалар түсіндірілді

Елордадағы Astana Hub-та қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен Конституциялық реформаларды түсіндіру жиыны өтті. Іс-шараға «Ақ жол» партиясынан Астана қалалық мәслихатының депутаттары – Нұржан Садырбаев және Мейрамгүл Қабдығалиева қатысып, мекеме қызметкерлеріне жаңа Конституцияның ерекшеліктері туралы егжей-тегжей түсіндірді және көптің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиында жаңа Конституцияның еліміз үшін маңызы, соның ішінде цифрлық экономиканы дамытудағы рөлі туралы сөз болды. Конституциялық өзгерістер тек құқықтық жағынан ғана емес, сондай-ақ бизнес пен инновация үшін орнықты, техногенді орта қалыптастыру, цифрлық кеңістікте азаматтардың құқығын қорғау тұрғысынан да маңызды.

-Жаңа Конституциядағы өзгерістер 77 бапқа енгізілді. Құжаттың 84 пайызы қайта жазылды. Осылайша біз іс жүзінде жаңа Конституцияға қол жеткіздік. Ата заңдағы 21-бап сіздердің жұмысыңызға, яғни цифрлық салаға қатысты құқықтарды қамтиды. Тағы бір айта кетерлігі, 145 депутат 5 жыл мерзімге сайланады. Билік құрылымында да өзгерістер бар,-деді Н.Садырбаев.

Спикерлер Ата заңға өзгерістер не үшін қажет болғанын, жаңа Конституция жобасының қалай әзірленіп, қандай ұсынымдар берілгенін баяндады.

-Ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған дәуірде әлемде елдер арасында жаһандық үрдістер араласып кетті. Бұл бүгінгі адамдардың таным-түсінігіне, айналаны қабылдауына, келер ұрпақтың сана-сезіміне, көзқарасына өзгерістер әкелуде. Сондықтан сол өзгерістер аясында Конституцияны да жаңарту – дәуір талабына сай қажеттілік. Сол өзгерістер бізді емес, біз оларды басқару үшін бұл реформалардың маңызы өте зор. Заңдағы жаңартулармен қатар Қазақстан Халық кеңесі деген билік тармағы пайда болды.  Оның құрамында ҮЕҰ-дар, түрлі қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар өкілдері, яғни түрлі саланың сарапшылары болады, — деді М. Қабдығалиева.

Депутаттар «Ақ жол» партиясы атынан жаңа Конституция жобасына 50-ден астам ұсыныс беріліп, соның ішінде 5-6 ұсыныс нақты енгізілгенін атап өтті. Жиын соңында олар биыл 15 наурызда өтетін республикалық референдумға жиналғандарды белсенді түрде қатысып, тиісті шешімге даусын беруге шақырды.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button