Астанада «Зерде» мамандандырылған лицейінде ата-аналар арасында «Салауатты отбасы – салауатты қоғам» спартакиадасы ұйымдастырылды, деп хабарлады astana-akshamy.kz.
Спорттық іс-шараларға жүзден аса ата-ана қатысты. Сайыскерлер шахмат, волейбол және үстел теннисінен күш сынасты.
«Мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың ұйымдастыруымен дәстүрлі спартакиада үшінші рет өткізіліп жатыр. Бұл лицейде аптасына жүйелі түрде өтетін жарыстардың қорытынды есебі десе де болады. Басты мақсат – отбасымен бірге уақыт өткізу, ұстаз, ата-ана, оқушылардың бір ортада араласуы, тәжірибе алмасуы. Сондықтан да спартакиадаға қатысатын ата-аналар саны жылдан-жылға көбеюде. Бүгінгі жарыста 7-11 сынып аралығындағы оқушылардың ата-аналары атсалысады. Әрі өздері осы жарысқа қолдау көрсетіп, демеуші болып отыр», – деді «Әкелер кеңесінің» төрағасы Мұхтар Шотбаев.

Аталған спорттық іс-шараға келген белсенді ата-ана елордадағы айтулы білім ордасының жетістіктеріне де тоқталып, бүгінгі сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
«Осы мектептегі балаларға үлгі көрсету мақсатымен жарысқа қатысып жатырмыз. Сондай-ақ, жаңадан келіп жатқан ата-аналармен танысып әрі мектеп қабырғасында болатын жиындарға белсенді қатысу арқылы ұжымға қолдау көрсету үшін бас қосып отырмыз. Балаларымызға білім, өнер мен спортта толайым жетістіктерге жетіп, мемлекетіміздің білімді де білікті азаматы болып қалыптасуына тілектестігімізді білдіреміз», – деді ата-ана Марат Исабаев.

Айта кетейік, спартакиада нәтижесінде жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.