Ел тынысы
UEFA конгресі Астанада өтеді

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (UEFA) 51-конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетіні ресми түрде жарияланды.
Бұл шешім Брюссельде өткен UEFA-ның мерейтойлы 50-конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты. UEFA конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ UEFA-ның басшы органдары сайланады.



