
«Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығында ҚР жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Компанияның Басқарма төрағасы Артём Квашук жаңа Конституция жобасының маңызды жаңалықтары мен қоғамға әсері туралы атап өтті. Жаңа реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын арттыруға, сондай-ақ қоғамдық келісім мен билікке деген сенімді арттыруға бағытталған.
Жиында туризм саласын дамытудың стратегиялық маңызына көңіл бөлінді. 2026 жылғы конституциялық реформа туризмді қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын дамытудың жүйелі тәсілін бекітетінін атап өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туристік салаға ерекше көңіл бөлуі, оны жаңғырту және өзекті мәселелерді шешу қажеттігі туралы тапсырмалары еске алынды.
«Туризм – бұл тек экономикалық сала ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның ұлттық брендін қалыптастырудың және халықаралық беделін арттырудың маңызды құралы. Саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білікті кадрлар даярлау – біздің басты міндеттеріміздің бірі» – деп атап өткен болатын.
фото: Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы



