
Бүгін Астананың бірнеше мектебінде білім беру ұйымдарының басшылары педагогтерге арналған кеңес өткізді. Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Спикерлер бұған дейін мемлекеттік мүдде басым болғанын, ал жаңа жобада адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің қоғам өмірі мен білім саласына ықпалы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Кеңес барысында педагогтер өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай іс-шаралар ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі реформалар туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қаладағы жиырма мектепте өткен кездесулерге шамамен екі мың педагог қатысты



