Ел тынысыСаясат

Әділетті Қазақстанды құрудың заңды жалғасы

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақдәулет Жанділдаев конституциялық реформаның мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында «Астана су арнасы» кәсіпорны қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Конституция – негізгі заң ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесінің, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері қалыптасатын берік іргетас. Жүргізіліп жатқан конституциялық реформа – Әділетті Қазақстанды құру бағытының заңды жалғасы. Оның басты мақсаты – өкілеттіктерді қайта бөлу, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және азаматтық қоғамның рөлін нығайту» деген спикер елдің жаңартылған басты құжатының бағыттарына тоқталды. Конституция кіріспесіне ерекше көңіл бөлінгенін айта келе, Әділетті Қазақстан аясында заң алдында баршаның теңдігі қамтамасыз етілетінін, барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер жасалатынын, мемлекеттік шешімдер халықтың мүддесіне сай қабылданатынын, биліктің әлеуметтік жауапкершілігі күшейтілетінін атап өтті.

«Әділеттілік – бұл жай ұран емес. Бұл – барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар үшін нақты бағдар» деді Жандәулет Байділдаев.

«Заң және тәртіп» қағидаты заңның мүлтіксіз үстемдігін білдіретінін, ешбір лауазым иесі, белгілі бір мәртебе немесе ықпал заңнан жоғары тұрмайтынын айтты.

«Коммуналдық шаруашылық жүйесі үшін бұл аса маңызды. Тариф саясатының ашықтығы, регламенттердің сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен өндірістік тәртіп – осы қағидаттың көрінісі» деді Қоғамдық кеңес мүшесі.

Жаңартылған Конституцияда қазіргі мемлекеттік жүйенің тарихи мұрамен сабақтастығы көрсетілгенін айта келе, құжат дәстүрге, еңбекке, халық бірлігіне және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке деген құрметке негізделгенін жеткізді.

Оның айтуынша, конституциялық реформа азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерін күшейтеді. Онда өкілді органдардың өкілеттіктері кеңейтілді, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі арттырылды, Конституциялық Сот институты нығайтылды, мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы есептілігі күшейтілді.

«Адам – мемлекеттің ең жоғары құндылығы. Жаңартылған редакцияда мемлекет қызметінің адамға бағдарлану қағидаты күшейтілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекеттік саясаттың басымдығына айналады» деді спикер.

Жаңа Конституцияда экологиялық жауапкершілікке көп көңіл бөлінгенін, Алғаш рет құндылықтық бағдар деңгейінде табиғатқа ұқыпты қарау қағидаты бекітілгенін жеткізе келе, сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны үшін бұл жай ғана ресми норма емес екенін айрықша айтты. Сол арқылы су ресурстарына, тазарту жүйелеріне және қаланың экологиялық қауіпсіздігіне жауапкершілік болатынын жеткізді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button