Ел тынысыСаясат

Мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіндегі ашықтық пен жауапкершіліктің маңызды көрінісі

Мемлекет басшысы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.Осылайша, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау мәселесі бүкілхалықтық талқылаудан кейін тікелей халықтың еркіне ұсынылып отыр. Бұл – мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіндегі ашықтық пен жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

Конституция – мемлекеттің негізгі құқықтық іргетасы. Ол тек құқықтық нормалардың жиынтығы емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген қоғамдық келісім. Сондықтан Негізгі заңға өзгерістер енгізу мәселесінің референдум арқылы шешілуі азаматтардың ел дамуының стратегиялық бағытын айқындауға тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.
Жоба бойынша талқылаулар ашық форматта өтті. Сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, түрлі қоғамдық топтар өз ұсыныстарын білдірді. Бұл үдеріс құжаттың мазмұндық тұрғыдан жан-жақты қарастырылып, жүйелі қалыптасуына мүмкіндік берді.

Жаңа редакция жекелеген нормаларды түзетумен шектелмейді. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің логикасын жаңғыртуға, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын күшейтуге, заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға бағытталған.
15 наурыз – ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасалатын күн. Әрбір азаматтың ұстанымы мемлекет дамуының келесі кезеңін айқындауға ықпал етеді. Бұл – жауапты әрі саналы шешім қабылдау сәті.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ,

Сенат депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button