
Еліміздің алдағы дамуы үшін маңызды реформа – Конституцияның жаңа жобасы бұған дейін жарияланды. Комиссия мүшелері де, қоғам өкілдері де біраз талқылады. Оның үстіне халықтың арасында тыңдаулар өтті, жаңа жобаны түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Өзім де сол жұмыстардың бел ортасында жүрдім. Конституциялық комиссия халықтан түскен әр түрлі ұсыныстар бойынша түзету енгізді. Осылайша Конституция жобасы бір ретке келді. Міне енді Мемлекет басшысы соның бәрін қорытындылап, референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ел ертеңі үшін маңызды өзгерістерді, жалпы референдумның өтуін қолдаймын. Бұл саяси оқиғаның өтуіне бәріміз бірауыздан атсалысып, мемлекетіміздің жарқын болашағына дұрыс қадам жасауымыз керек деп санаймын.
Есберген Алауханов,
заң ғылымдарының докторы,профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі



