Ел тынысыСаясат

«Конституция – қоғамдық келісім ретінде: құндылықтар мен бірегейлік»

Астана қаласы Сарыарқа ауданында орналасқан кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» орталығының басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Шеризат Арман Манарбекұлының қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Орталықтандырылған кітапханада ұйымдастырылып, «Конституция – қоғамдық келісім ретінде: құндылықтар мен бірегейлік» тақырыбында диалогтық форматта өтті.

Кездесу барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен талқыланып, енгізіліп отырған өзгерістер мен жаңашылдықтарға жан-жақты түсіндірме берілді. Жаңа Конституцияның ашықтық қағидаттарын нығайтып, әр азаматтың өз құқықтарын іске асыруына, еркін таңдау жасауына және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына мүмкіндік беретін маңызды қадам екені атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button