Ел тынысы

Астанада ХҚКО бөлімшесінде цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту басталды

Астанада ХҚКО бөлімшесінде цифрлық сауаттылыққа арналған тегін оқыту басталды. Енді бөлімшеде тек құжат рәсімдеп қана қоймай, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде өз бетінше алуды үйренуге болады. Бұл азаматтарға артық уақыт жоғалтпай, ХҚКО-ға бармай-ақ қызметтерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оқытуда мамандар практикалық форматта eGov.kz порталымен, «ХҚКО» және eGov Mobile мобильді қосымшаларымен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасымен қалай жұмыс істеу керектігін кезең-кезеңімен көрсетеді. Сабақ тақырыптары азаматтардың жиі қоятын сұрақтары негізінде қалыптастырылады.

Оқыту пилоттық жоба аясында ұйымдастырылып, тұрғындарға күнделікті өмірде цифрлық сервистерді сенімді қолдануға көмектеседі. Бұл «Apple Store» қағидаты бойынша енгізіліп жатқан жаңа «Цифрлық офис»  тұжырымдамасын қолдайды. Бұл – халыққа қызмет көрсетудің заманауи әрі ыңғайлы форматы.

Мекенжайы: «Нұра» ауданындағы ХҚКО бөлімшесі, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 4

Апта сайын сәрсенбі және жұма күні
Уақыты: 10:00 – 12:00
Қатысу тегін
_______

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button