Ел тынысы

Қытайлық «SOHO» холдингтік тобының өкілдерімен кездесті

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қытайлық «SOHO» холдингтік тобының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында тараптар перспективалы инвестициялық жобаның негізгі бағыттарын талқылады.

Іс-шара аясында «SOHO» инвестициялық холдингінің жобасы таныстырылды. Жобаның мақсаты – қаржылық-іскерлік, конгресстік және бизнес инфрақұрылымды біріктіретін көпбейінді орталық құру. Аталған жобаны іске асыру Астана қаласының қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға бағытталған алдағы қадамдар мен нақты міндеттерді айқындады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button