
Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары және оларды жүзеге асыруда азаматтық сектордың рөлі сөз болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Отырыста азаматтық қоғамның Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды практикалық тұрғыда жүзеге асыруға жеткілікті әлеуеті бар екені атап өтілді. Қоғамдық кеңес қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты құқықтық негізде қамтамасыз ететін тәуелсіз институт ретінде бағаланды.
Сонымен қатар жиын барысында музыкалық шығармаларды орындау кезінде фонограмманы пайдалану туралы көрерменді хабардар ету тәртібі, фильмдерге прокаттық куәлік беру мәселесі, сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы орта білім беру деңгейіндегі мамандандырылған музыкалық ұйымдарға оқуға қабылдау қағидалары талқыланды. Бұдан бөлек, Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды.



