Мәдениет

«Мұқағали – сырлы әлем»

Астананың Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали – сырлы әлем» атты қазақ тілі үйірмесінің ашық сабағы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Дәрісті бөлім басшысы Кенжеболат Бапишев кіріспе сөзімен ашып, ақынның ғұмыры мен шығармашылығы туралы ой бөлісті.
«Мың жылда бір туатын ақын еді, небәрі 45 жасында өмірден өтті. Тірісінде шығармашылығы лайықты бағаланбады, әлі де, толық бағасын алып болған жоқ. Мұқағалиды тек қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем таныса екен», – деп атап өтті Кенжеболат Сапарұлы.
Ол өз сөзінде қазақ тілін үйренуге ынта танытып, ақын-жазушыларды тануға қызығушылық білдіріп жүрген өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді.
Іс-шара ақынның шығармашылығын насихаттауға арналды. Зейнеткерлер ақынның өлеңдерін оқыды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button